Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) қазіргі бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус алдағы сайлауда бас директор лауазымына жалғыз кандидат атанды, деп жазды ұйымның сайты, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
ДДСҰ бас директорын екінші бесжылдық мерзімге тағайындау үшін атқарушы комитет Женевадағы 150-ші сессияда Гебрейесустың кандидатурасын қарайды. Сайтта шешім 22-28 мамыр аралығында ассамблеяда жасырын дауыс беру арқылы қабылдануы керектігі көрсетілген.
Кандидатура 2021 жылдың 23 қыркүйегіне дейін қабылданды, нәтижесінде Гебрейесусты ұйымға мүше 28 ел ұсынды. Олар – Австрия, Ирландия, Қазақстан, Бахрейн, Барбадос, Дания, Индонезия, Хорватия, Ботсвана, Кук аралдары, Эстония, Финляндия, Франция, Германия, Грекия, Венгрия, Испания, Кения, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Оман, Португалия, Руанда, Словакия, Швеция, Тонго, Тринидад және Тобаго.
Бас директор – ДДСҰ-ның денсаулық сақтау саласындағы халықаралық қызметін қадағалайтын бас әкімшілік тұлға. Гебрейесус 2017 жылы ДДСҰ бас директоры болды.
Еске сала кетейік, желтоқсан айының басында Тедрос Адханом Гебрейесус қазақ ақыны, ақындар айтысын ұйымдастырушы Жүрсін Ерманның құдасы екені белгілі болды. Гебрейесус Twitter-де ақынды мерейтойымен қазақ тілінде құттықтаған видеосын жариялады.