Төменде кадрлардағы диалог көрсетілген:
"Бұл мен, егізі емеспін", - дейді Президент.
"Біз елімізде болып жатқан барлық оқиға туралы өте ашық сұхбат жаздық", - дейді Вера Захарчук.
"Шынымен, сұхбатты көріңіздер", - деп толықтырды Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Көруге тұрарлық нәрсе бар ма?", - деп сұрайды Вера Захарчук.
"Менің ойымша, тыңдау керек", - деп жауап береді Президент.
"Әсіресе біреулер...", - деп аяқтады журналист.
Оған қоса жарияланған тағы бір ресми тизер бар. Видеоға қарағанда Президент Тоқаев атыс бастау туралы бұйрық, Тұңғыш Президент, кадрлық шешімдер, Гегель мен Бабель туралы айтып береді.
Бұған дейін Президент баспасөз хатшысы Берік Уәли бүгін, 29 қаңтарда "Хабар" және "Хабар 24" телеарналарынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың эксклюзив сұхбаты көрсетілетінін хабарлаған еді.