23 сәу, 2020 сағат 10:57

Жұмысы Шариғат талаптарына сай қазақстандық кәсіпкерлер Ислам банкінен несие ала алады

«Даму» қоры «Al Hilal» Ислам банкімен бірге баламалы қаржыландыру тетіктерін іске қосады. Бұл жайлы толығырақ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мемлекеттік органдар мен өзара әрекет ету департаментінің директоры Гүлсая Зайнелғабдина айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Биыл «Даму» қоры «Al Hilal» Ислам банкімен бірге баламалы қаржыландыру тетіктерін іске қоса бастады. Осы жылдың сәуір айында 75 млрд теңге Ислам банкіне салынды. Бұл – Ислам қаржыландыруын ары қарай дамыту мақсатындағы қадам. Бұл құралды дамыту үшін сауда мурабахасы енгізіледі. Осылайша Ислам қаржыландыруының көмегімен жобасын дамытқысы келетін кәсіпкерлер – өз жұмысының реті Шариғат талаптары мен бағдарлама шарттарына сай болған жағдайда несие ала алады», - деді Гүлсая Зайнелғабдина ОКҚ-да онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында. 

Айта кетсек бұған дейін ҚР ҰЭМ кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Шыңғыс Ахметов «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы мен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бизнес иелеріне мемлекет қандай қолдау шараларын көрсететінін айтып берген еді.