26 шіл, 2017 сағат 09:55

Дүйсенова: Жоғары зейнетақыны төлей бастадық

Шілдеден бастап зейнетақының көлемі ұлғайды. Аталған әлеуметтік көмектің алғашқы төлемі барлық зейнеткерлерге аударылды, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Бүгін біз зейнетақының жоғары мөлшерін барлық 2 млн зейнеткерімізге төлеуді аяқтадық. Осы мақсатта тек бір айға бюджеттен қосымша 50 млрд теңге бөлінді. Бұдан бөлек, 1 шілдеден бастап нәрестелі болған отбасылар бір реттік жәрдемақыны 20 пайызға артық ала бастады», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы зейнетақы көлемін 2016 жылғы деңгейден 20 пайызға арттыруды, сондай-ақ 1 шілдеден бастап бала тууына байланысты бір реттік мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін 20 пайызға ұлғайтуды тапсырған болатын.