29 мау, 2025 сағат 12:17

Жетісуда қызметтік міндеттерін атқару кезінде екі полицей көз жұмды


Фото: instagram.com/sadenov_online/


Жетісулық тәртіп сақшылары қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.


— Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан Жетісу облысы Полиция департаменті қызметкерлері — полиция майоры Арнұр Алханов пен полиция аға лейтенанты Шыңғыс Асылбековтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Олардың есімдері әріптестерінің жадында мәңгі сақталады, — деді Ержан Сәденов.


Оның сөзінше, Ішкі істер министрлігі марқұмдардың отбасыларына қажетті көмекті көрсетеді.


Бұған дейін Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Достық ауылында полиция қызметкері асылып қалғанын жазған болатынбыз.