21 мам, 2019 сағат 17:16

Жер шетелдіктерге сатылмайды - Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Мемлекет басшысы ретіндегі берік ұстанымын білдірді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фэйсбуктағы парақшасында хабарлады.

«Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл менің Президент ретіндегі берік ұстанымым!» Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында шаруа қожалықтары басшыларымен болған кездесуде осылай мәлімдеді» делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барып, жастар форумына қатысты. Форум барысында Президент 2020 жылды Волонтерлар қозғалысының жылы деп жариялауды қолдайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындауды ұсынды.