26 нау, 2020 сағат 15:37

Жер қойнауын пайдаланушыларға тауарды конкурссыз сатып алуға рұқсат берілді

Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушыларға отандық өндірушілерден тауарды конкурс өткізбей сатып алуға рұқсат берілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Кәсіпкерлерді қолдау бойынша: Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушыларға отандық өндірушілерден тауарды конкурс өткізбей сатып алуға рұқсат берді. Бұрын ол екі айға дейін созылуы мүмкін еді», - деді Дәурен Абаев «Хабар 24» арнасындағы онлайн режімдегі баспасөз мәслихатында. 

Министр бұл түзетулер қазақстандық компаниялардың үздіксіз жұмысын және бюджетке салық түсімін қамтамасыз ететінін айтып өтті. Бұдан басқа, бұл норма кәсіпорындарға қызметкерлерін қысқартпауға көмектеседі.