© Sputnik / Vladimir Vyatkin / Медиабанкке өту
Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында Жеңістің 80 жылдығына
орай майдангерлер туралы кітап жазылып жатыр. Батыр аталарымыздың ерлігі жайлы
тарих музей мұрағаттары мен ұрпақтарының әңгімелері арқылы қалпына келтіріліп
жатыр, деп хабарлады әкімдік.
"Қарқаралы өңірінен соғысқа шақырылғандардың барлығының өмірбаянын жинақтау идеясын тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұсынған. Олар Отан үшін от кешкен жауынгерлердің тарихын жүйелеуді 2015 жылы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында бастады", - деп хабарлады әкімдік.
Енді араға 10 жыл салып, сол кезде жинақталған материалды толықтырып, кітап етіп шығаруды жөн көрген. Жобаны музей қызметкерлерімен бірге белгілі
өлкетанушы Саят Оспанов та қолға алды.
"Бүгінгі күнге дейін 124 майдангер туралы ақпарат түсті, бірақ бізге ұрпақтарының аузынан естіген әңгіме аз, біз әскери комиссариаттың құжаттарын, өмірбаяны мен фотосуреттерін де дәлел ретінде сұраймыз", - дейді ол.
Материал жинақтау
наурыз айының соңына дейін жалғасады, кітапты Жеңістің 80 жылдық мерейтойына
дейін шығару жоспарланып отыр.
Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің
мәліметі бойынша 1941-1945 жылдары майданға 2178 адам аттанған. Оның 737-і ғана
елге оралыпты.