05 мам, 2024 сағат 18:43

Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлеріне 187 миллион теңге бөлінді


© Sputnik / Анатолий Устиненко

9 мамыр Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне жергілікті бюджеттерден біржолғы әлеуметтік көмек төленді, - деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат" Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның барлық өңірі мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ардагерлерге төлем жасалып, соғысы ардагерлеріне жергілікті бюджеттерден барлығы 187 миллион теңге бөлінген. 

"Әлеуметтік көмек көрсетудің қолданыстағы қағидаларына сәйкес 9 мамырға орай берілетін біржолғы төлемдер сомасы жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктеріне және мәслихаттардың шешімдеріне байланысты әр облыста дербес белгіленеді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысы бойынша соңғы жылдары көптеген облыстарда ардагерлерге төлемдер бірыңғай мөлшерде төленеді", - делінген хабарламада.