03 қаз, 2024 сағат 16:50

Жеңіс Қасымбек Астанадағы кітапханалар туралы айтты


Фото: Ж. Қасымбектің Instagram парақшасынан

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қаладағы жаңадан ашылған кітапханалар туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

"Достар! Өздеріңіз білетіндей, балаларды ерте жастан кітап оқуға баулудың маңызы зор. Бұл баланың сауатын арттырып, сөздік қорын көбейтіп қана қоймай, көкжиегін де кеңейтуге әсер етеді. Соңғы бірнеше жылда қаламызда жаңа кітапханалар ашылған жоқ. «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» 18 кітапханадан тұратын", -дейді әкім.


Ж. Қасымбек биыл 4 кітапхананың ашылуы жоспарланғанын, олардың 2-еуі қазірдің өзінде ашылып қойғанын айтты. 
Олар мына мекенжайларда орналасқан: бұқаралық кітапхана (Нәжімеденов көшесі, 27), балалар кітапханасы – (Бөкейхан көшесі, 25v).

"Бүгін балаларға арналған жаңа кітапханаға бардым. Жалпы ауданы 340 шаршы метрді құрайтын кітапхана балаларға қызмет көрсетуге арналған. Дегенмен ересектер де кітапхана қызметін пайдалана алады. Бұл кітапхананың қоры 3 мыңға жуық жаңа кітаптан тұрады.Мемлекет басшысы кітап оқитын халық қана нағыз интеллектуалды бола алатынын айта келе, «Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек» деген", -дейді ол.



Фото: Ж. Қасымбектің Instagram парақшасынан

Әкімнің сөзінше, жуырда Астанада тағы екі кітапхана ашылады. Осылайша, қаланың кітапхана желісі 22 кітапханадан тұрады, олардың арасында зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана да бар.

Сол сияқты қолданыстағы кітапханаларды жаңғырту жұмыстары да жүреді екен. 

"Өткен жылы 4 кітапхананы, биыл тағы 4 кітапхананы жаңарттық. Қалалық желінің кітап қоры 800 мыңға жуық дананы құрайды. Мәселен, қазіргі уақытта кітапхана қорына берілген кітаптар саны өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға артты, бұл оқырмандардың өсуіне де айтарлықтай әсер етті.Кітапханалар – білім орталығы ғана емес әрі демалыс орны!"-деп отыр Астана әкімі.


ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: "КІТАП ОҚУҒА ЕМЕС, КӨБІНЕ АРАЛАСАТЫН ОРТА ІЗДЕП КЕЛЕДІ": ҚАЗАҚСТАН КІТАПХАНАЛАРЫНДА МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН?