31 қаз, 2020 сағат 06:46

Женевада Армения мен Әзербайжанның СІМ басшыларының кездесуі аяқталды

Женевада Арменияның Сыртқы істер министрі Зограб Мнацаканян мен Әзербайжанның Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесуі аяқталды.

Арменияның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Анна Нагдалянның Арменресс агенттігіне мәлім етуінше, Арменияның Сыртқы істер министрі Зограб Мнацаканянның Байрамовпен кездесуі Минскінің ЕҚЫҰ-дағы тобының тең төрағаларының қатысуымен Женевада Ереван уақыты бойынша сағат 17:00-де басталды. 

Оның алдында Мнацаканян Минскінің ЕҚЫҰ-дағы тобының тең төрағаларымен және ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасының жеке өкілі Анджей Каспршикпен кездесу өткізді. 

АЗЕРТАДЖ агенттігіне Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі басқармасының хабарлуынша, кездесу барысында Джейхун Байрамов шиеленісті халықаралық құқық пен нормалар және БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің, халықаралық ұйымдардың құжаттарының талаптарына сай реттеу бағытындағы Әзербайжанның позициясын ұсынды. 

Гуманитарлық шаралар туралы айта келе, Джейхун Байрамов Әзербайжан ұсынып отырған конструктивті көзқарастың маңыздылығына назар аударды. 

Осы ретте ол әзербайжандықтардың Армян тарапына қайтыс болған адамдардың мәйіттері мен қарт әйелді тапсырғанын еске салды. 

Джейхун Байрамов Армения тарапының бейбіт тұрғындар мен елді мекендерді атқылауы халықаралық гуманитарлық құқықтарға қайшы екенін ескертті. 

ТАСС агенттігі Әзербайжан мен Армения тарапының жұма күні Женевада өткен кездесу барысында Таулы Қарабақтағы атысты тоқтату бағытында бірқатар шара қолданатын болып келіскендігін жазды. 

Бұл ретте тараптар ел тұрғындары мен әскери емес нысандарға қару қолданбайтын болды. Бұл туралы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының баспасөз қызметі хабарлаған. 

Мәлімдемеде Минскінің ЕҚЫҰ-дағы тобының Ресей, Франция және АҚШ тарапынан ұсынылған тең төрағалары 30 қазан күні Армения мен Әзербайжанның Сыртқы істер министрлерімен жеке және бірлескен кездесулер өткізгенін хабарлады. 

Олар сонымен қатар, ЕҚЫҰ төрағасының жеке өкілі Анджей Каспшикпен, БҰҰ-ның босқындар жөніндегі Жоғары комиссары Филиппо Грандимен және Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті Петер Маурермен консультациялар өкізген. 

Минскінің ЕҚЫҰ-дағы тобының мәлімдемесінде тараптардың халықаралық гуманитарлық құқық талаптарына сәйкес, бейбіт тұрғындар мен әскери емес нысандардың нысанаға алмайтыны айтылған. 

«Тараптар ұрыста қайтыс болғандардың мәйіттерін алмасу жұмыстарын белсенді жүргізбек. Бұл ретте олар Халықаралық Қызыл Крест комитетіне және ЕҚЫҰ-ның жеке өкіліне бірлескен қимылдар кезінде қауіпсіздікке кепілдік берілетінін мәлімдеді. Тараптар апта ішінде Халықаралық Қызық Крест комитеті мен ЕҚЫҰ-ның жеке өкіліне ашықтықты қамтамасыз ету үшін тұтқындар туралы мәліметтерді береді» - делінген ЕҚЫҰ-ның мәлімдемесінде.