10 қар, 2021 сағат 13:04

Жемқорлық қылмыс жасаған адамды жұмысқа алған басшыға қандай жаза қолданылады?


Нұр-Сұлтан қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдула бұрын жемқорлық қылмыс жасаған адамды жұмысқа алған әкімдік өкіліне қандай жаза тағайындалғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орталық аппаратымен бірге астана әкімдігінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы сыртқы талдау жасадық. Осы талдау қорытындысы бойынша әкімдікке бағынышты құрылымдардың қызметіндегі тәуекелдерді жоюдың жоспары бекітіледі», - деді ол Astana Adaldyq Alańy жобалық кеңсесінде өткен онлайн брифингіде. 

Департамент басшысның сөзінше, сәуір айында Әкімшілік құқық бұзу тарлы заңға түзетулер мен өзгерістер енгізілген. Осы өзгертулер аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзырына 15 түрлі құқық бұзу нормасы берілген.

«Осы заң жобасы күшіне енген сәттен бері 8 тұлға жауапқа тартылды. Оның ішінде 5 мемлекеттік қызметші, 3 жеке тұлға бар. Соларға салынған айыппұлдан бюджетке 2,1 млн теңге түсті.

Мысалы, 5000 теңге көлемінде материалдық сыйақы алғаны үшін Әділет департаментінің қызметкері әкімшілік жауапқа тартылып, 300 АЕК көлемінде айыппұл төледі. Жуықта ғана қалалық білім басқармасының басшысы жұмыстан қуылғаны хабарланды. Ол бұрын сыйбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамды жұмысқа алғаны үшін жауапқа тартылды. Бұған қоса оған 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - деді Шыңғыс Қабдула.