12 там, 2017 сағат 09:59

Желіде полицейлердің ұсталған жігіттерді аяусыз соққыға жыққан видеосы таралды

Желіде полицейлердің төрт ер адаммен қақтығысы түсірілген видео пайда болды. Оқиға Павлодар дүкендерінің бірінде орнатылған бейнебақылау камерасына жазылған, - деп хабарлайды pavon.kz.

Видео кадрларынан полицейлердің қабырғаға тақалып тұрған жігіттерді ұрып-соққанын көруге болады, бірі тіпті отырған ер адамның басынан тебеді. Соған қарағанда, тәртіп сақшылары оларды қызметтік көлікке отырғызғысы келген болуы керек.


Павлодар облыстық ІІД өкілдері бұл мәліметті растады. "3 тамызда 05.12-де 102 нөміріне Есеналиев, 58 мекенжайында ер адамдар төбелесіп жатыр деген хабар түсті. Оқиға орнына батальон барды. Ер адамдарды көлікке отырғызу кезінде олар қарсылық білдірді, оған жауап ретінде полицейлер күш қолданды", - деп хабарлады полициядағылар.

Ал ІІД-нің Өзіндік қауіпсіздік қызметі бұл видеоны зерттегеннен кейін полицейлердің әрекетінен өкілеттікті асыра қолдануды анықтаған. Бір полицей қазір уақытша ұстау изоляторында. Ал зардап шеккендердің олардың үстінен соталды шағым түсірмегені белгілі болды.

kaz.tengrinews.kz