30 сәу, 2026 сағат 17:56

Алматыда экс-полицей әйелін өлтірді: “аффект” дауы күшейді


Фото: ІІМ


Алматыда бірге тұрған әйелін пышақтап өлтірді деп айыпталған бұрынғы полиция қызметкеріне қатысты сот жалғасып жатыр. Оқиға 2025 жылдың мамырында тұрғын үй кешенінде болған, деп хабарлайды Ult.kz.


Тергеу мәліметінше, жанжал кезінде ер адам әйелге пышақ жарақатын салып, ол оқиға орнында көз жұмған. Кейін күдікті өзіне қол жұмсамақ болғанымен, аман қалған.


Сотталушыға «аса қатыгездікпен адам өлтіру» бабы бойынша айып тағылған. Алайда сарапшылар оның қылмыс кезінде аффект жағдайында болғанын мәлімдеді. Бұл іс жеңілірек бапқа ауыстырылып, жаза қысқаруы мүмкін.


Жәбірленуші тарап бұл қорытындымен келіспейді. Олардың айтуынша, бұрын полицияда қызмет еткен адам мұндай жағдайды әдейі қолдан жасауы ықтимал.


Марқұмның туыстары үш баланың жетім қалғанын айтып, қатаң жаза талап етуде.