26 нау, 2018 сағат 20:45

Желіде Кемеровте өртенген сауда орталығының суреттері жарияланып жатыр

Әлеуметтік желі қолданушылары Кемеров қаласындағы қайғылы оқиға болған жерден суреттер жариялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Суреттерде өртенген сауда орталығы мен кинозал түсірілген.

Ресей Бас прокуратурасының өкілдері төтенше жағдайдан кейін барлық сауда орталықтарында тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді. Прокурорларға өрт туралы дабылды ескерту жүйесі мен нысандағы өрт сөндіру құрылғыларын жіті тексеру тапсырылған. 

РИА Новости мәліметінше, "Зимняя вишня" сауда орталығында шыққан өрт салдарынан қаза тапқандар саны 64-ке жеткен. Мәйіттерді анықтау үшін генетикалық сараптама жүргізіледі. 

Еске салайық, Кемеровтағы "Зимняя вишня" атты төрт қабатты суда-ойын сауық орталығы жексенбі күні өртенген болатын. Өрт орталықтың кинотеатрлар мен балалрды ойын аумақтары орналасқан жоғарғы қабаттан шыққан.  

Кейін қылмыстық іс бойынша өрт шыққан орынды жалға алған адам және орталыққа қызмет көрсеткен компания басшысы ұталып, тергеліп жатқаны белгілі болды.