26 мам, 2023 сағат 11:15

Желаяқ Марат Жыланбаев қамауға алынды

Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Желаяқ Марат Жыланбаев қамауға алынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2023 жылғы 25 мамырда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Т.Жыланбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2 ай мерзімге санкциялады», - делінген сот хабарламасында.

Айта кетейік, Марат Төлегенұлы - алыс қашықтыққа жүгіретін спортшы, жүгіруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1990-жылдары «Гиннестің рекордтар кітабына» жеті рет енген.