19 нау, 2020 сағат 10:22

Жээнбеков Тоқаевты Президент қызметіне кіріскеніне бір жыл толуымен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары коронавирустың таралуына қарсы күресте өзара іс-қимыл мәселесін талқылады.

Президенттердің пікірінше, эпидемиямен күрес кезінде екі елдің атқарушы органдарының келісе отырып әрекет етуі маңызды.

Сонымен қатар тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың даму перспективасы жайында пікір алмасты.

Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент қызметіне кіріскеніне бір жыл толуымен құттықтап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа игі тілегін жолдады.