24 қар, 2017 сағат 12:15

Жээнбеков Ресей және Қытаймен қатынасқа басымдық берді

Қырғызстанның жаңа президенті Сооронбай Жээнбеков ұлықтау салтанатында Қырғызстанның сыртқы саясатындағы басым бағыт елдің ұлттық мүдделерін қорғау болатынын мәлімдеді, деп жазады Азаттық.

Ол Қырғызстан Ресеймен қарым-қатынасты дамытып, онымен одақтастықты күшейтетінін және Қытаймен қарым-қатынас өзара тиімді ынтымақтастық бағытында дамитынын айтты.

Жээнбеков Орталық Азия елдерімен өзара іс-қимыл көп ғасырлық бауырластыққа негізделгенін және қарым-қатынас "өзара құрмет пен бір-бірінің ісіне килікпеу ұстанымында" дамуы тиіс екенін мәлімдеді.

Қырғызстанның жаңа сайланған президенті Сооронбай Жээнбеков бүгін Бішкекте ант қабылдап, қызметіне кірісті. Ол 15 қазанда өткен президент сайлауында 54 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен.