Фото: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Қытайддағы қазақ жазушысы, аудармашы Акбар Мәжитпен кездесті.
Акбар Мәжит – ҚХР Жазушылар одағының мүшесі, Қытай мемлекеттік сыйлығының лауреаты, оннан аса кітаптың авторы, Абай шығармаларын қытай тіліне аударған қаламгер.
Жүздесуде ҚазҰУ мен Қытай ЖОО-лары арасындағы тығыз қарым-қатынас бағыттары да талқыланды.
Қаламгермен білім, ғылым, руханият мәселелері бойынша пікір алмасқан Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ мен Қытай университеттерінің серіктестігін ілгерілету маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ жүздесуде тараптар журналистика, филология салаларындағы өзара ықпалдастықты кеңейту мәселелеріне айрықша назар аударды.
Қарагөз Серікқызы,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Баспагерлік, редакторлық және дизайнерлік өнер
кафедрасының оқытушысы
