03 қыр, 2021 сағат 19:41

Жазғы шомылу маусымында 319 адам суға батып кеткен


Биылғы жылдың жазғы шомылу маусымында Қазақстан бойынша 319 адам суға батып кеткен. Оның ішінде 95 кәмелетке толмаған бала бар, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл мәліметтер ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі тартқан ақпараттан мәлім болды. 

Баспасөз қызметіне мәліметтеріне қарағанда, жазғы шомылу маусымында балалардың суға батып кету жағдайларыны 82% ата-аналардың балаларын қараусыз қалдыруынан болған. 

Ал жалпы суға кеткендер туралы айтатын болсақ, оның негізгі себебібірінші кезекте өз күшін жете бағаламаумен байланысты. Мұндай жағдай биыл 170 рет болған. Мас күйінде шомылып суға кеткендер – 73, су айдынына құлау – 68, жүзе алмаудың салдарына мерт болғандар – 34, балық аулау кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзып көз жұмғандар – 24, суға батқандарды құтқару кезінде 13 адам мерт болды. Жүзу құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзған 8 адам өмірімен қоштасты. 

«Суға шомылу маусымының аяқталуына қарамастан, құтқарушылар су айдындарында адамдардың өлімінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмысты жалғастыруда, өйткені күзгі кезеңнің басталуымен аң аулау және балық аулау маусымы басталады», - ҚР ТЖМ баспасөз хабарламасында.