Фото: ашық дереккөз
Жаз мезгілінде Алакөл жағалауында демалушылардың қатары қалың. Көпшілігі балаларымен бірге келеді. Адам көп жиналған ортада ата-аналар баласын жоғалтып алатын жайттар жиі кездесіп жатады, деп хабарлайды Ult.kz.
Абай облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, биыл балалардың жоғалуына қатысты полицияға жүгінетіндердің саны артқан.
«Абай облысының Алакөл жағалауында, нақтырақ айтқанда, Мақаншы ауданында балалардың жоғалып кету оқиғалары жиілеп барады. Шомылу маусымы басталғалы туристік полиция қызметкерлеріне балалардың жоғалуына қатысты шақыртулар көп түскен. Әсіресе Арбат аумағында адам көп жиналатын жерлерде ата-аналар балаларын жиі жоғалтады. Маусым-шілде айларында осындай 120-дан астам жағдай тіркелді. Абырой болғанда, барлық балалар дереу табылып, аман-есен ата-аналарына жеткізілді», - делінген хабарламада.
