ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау экологиясы туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.
«Атырау экологиясы тек облыстың ішкі мәселесі емес, оны шешуге барлығымыз бір кісідей жұмылуымыз керек. Бұл - менің негізгі қағидамның бірі. Каспийдегі технологиялық қауіпсіздік жай ғана әлемдік деңгейде емес, әлемдегі ең үздік деңгейде болуы шарт», - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының жұртшылығымен кездесуінде.
Сонымен қатар, Президент Жайықтың су ресурстарын сақтау туралы айтты.
«Жайық пен Қиғаш өзендерінің суы тартылып барады. Жайықтың су ресурстарын сақтау, қорғау және қалпына келтіру үшін Ресеймен ынтымақтастықты нығайта түсу қажет. Мен бұл жұмысқа өзім кірісемін!», - деді Президент.
Еске сала кетсек, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына жұмыс сапарымен келгендігі туралы хабарлаған болатынбыз .