14-29 жас аралығындағы жастарды патриоттығы мен белсенділігі үшін марапаттайтын ұйым анықталды. Бұл - Тұңғыш Президент қоры. Ол жөнінде Үкіметтің арнайы қаулысы шықты. "Ұлт ақпарат" қаулының толық мәтінін жраиялайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №248 Қаулысы
Он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын ұйымды (әкімшіні) айқындау туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 5-3) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын ұйым (әкімші) болып айқындалсын.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин