Жастардың пікірінше, әскерде қызмет еткеннен гөрі бір жыл түрмеде отыру жақсырақ, өйткені ол қауіпсіздеу және ол жақта өлтірмейді. Бұл туралы жастардан сауалнама жинаған ПИСЬМА ПРЕЗИДЕНТУ телеграм арнасына сілтеме жасап Ult.kz хабарлайды.
"Түрмеде қауіпсіздеу. Ол жақта тамақ береді. Әскерде сені қалай тамақтандырады?(қынжылып) Сосын сені әскерде өлтіріп кетуі мүмкін", - деді жасөспірім сұхбат алған азаматқа.
