26 мау, 2025 сағат 10:44

Жасөспірім Алматыдағы Сайран көліне батып кетті

Фото: ашық дереккөз

Алматы қалалық Полиция департаменті Сайран көліндегі жағдайға байланысты тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Ult.kz.

"Көлге кәмелетке толмаған екі баланың түскені анықталды. Бірі өз бетімен жағаға шықты, екіншісінің тағдыры әзірге белгісіз. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Іздеу шаралары жалғасып жатыр", - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы мәліметке сәйкес, көлге батып кеткен жасөспірімнің денесі судан шығарылды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.