Осы айда коронавирус табылған Жапонияның Айти префектурасының тұрғыны әдейі инфекция жұқтырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы жұма күні Kyodo агенттігі хабарлады.
Гамагори қаласының 50-ден асқан тұрғынынан наурыз айының басында коронавирус табылды. Ер адамды тек келесі күні жұқпалы аурулар бөліміне жіберуге мүмкіндік туған. Сондықтан дәрігерлер одан үйде қалып, оқшаулануын сұраған. Әлгі оның орнына бұдан бұрын коронавирус табылған туыстарына «вирус таратқысы келетіндігін» айтып, екі барға барған. Сондай-ақ барлардың бірінде коронавирус жұқтырғанын айтады. Мұны естіген оның қызметкерлері шұғыл полиция мен денсаулық сақтау қызметіне хабарласқан.
Қазір полиция мен Жапонияның денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері ер адаммен байланыста болғандарды анықтап, ол кірген барларды толықтай дезинфекциялап жатыр.