01 мам, 2019 сағат 11:14

Жапонияда жаңа дәуір басталды: Нарухито ханзада таққа отырды

Жапония үкіметі 2019 жылдың 1 мамырында жаңа империялық кезеңнің басталғанын жариялады. Бұл кезең «Рейв» дәуірі деп аталады - бұл атау қазақ тілінде «тәртіп», «үйлесім» және «гүлденген әлем» деген мағына береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС сілтеме жасап.

Қазіргі «Хэйсэй» деп аталатын дәуірдің атауы қытай әдебиетінен алынған болатын, ол «қол жеткен бейбітшілік» деген мағына береді. Ол дәуір 1989 жылдың қаңтарында, Хирохито император қайтыс болған кезде басталған еді. Оның ұлы Акихито Жапонияның 125-ші императоры ретінде 30 жылға жуық уақыт билік құрды. Сөйтіп өз еркімен тақтан бас тартты.

Ол бұл шешімін жасының ұлғайғанымен түсіндірді. Ханзада Нарухито таққа бүгін, яғни 1 мамыр күні отырды. 

Ханзада Нарухито таққа бүгін, яғни 1 мамыр күні отырды. 


Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Ёсихидэ Суга баспасөз мәслихатында жаңа дәуір үшін таңдап алынған атау жазылған тақтайшаны көрсетті.

Жапонияның қазіргі тарихында 4 дәуір ғана болған. «Әлем жетістігі» заманына дейінгі Хирохито императордың дәуірі өте ұзаққа созылды - ол мемлекетті 1926-1989 жылдар аралығында биледі. Ол кезеңге миллитаристік Жапония, Екінші дүниежүзілік соғыс кіреді. Тарихтан белгілі, бұл уақытта күншығыс елі нацистік Германиямен және фашистік Италиямен одақтасқан болатын. Сондай-ақ, Хиросима мен Нагасакиге ядролық бомба тасталды. Соғыстан кейінгі жаңа мемлекеттің құрылуы, технологиялық және экономикалық өркендеу - осының бәрі «Сёва» («жарық әлем») дәуірінде орын алды.         

Оның алдында 1912-1926 жылдар аралығында Жапонияда «Тайсё» («ұлы туралық») дәуірі салтанат құрды. Ал 1868 жылдан 1912 жылға дейін Муцухито императордың тұсында Жапония «мэйдзи» («білімді басқару») дәуірін бастан кешірді.