Жапонияның Сига префектурасында құс тұмауының өршуі тіркелді. Бұл туралы Kyodo агенттігі хабарлады.
Сига Жапонияда жергілікті биліктің биылғы жылы құс тұмауы тіркелген оныншы префектура болды.
Жапонияның орман, балық және ауыл шаруашылығы, министрлігі құс тұмауының таралу проблемасы бойынша кеңес өткізіп, Сига префектурасының әкімшілігіне аурудың өршуіне қарсы күрес жүргізуде көмек беруді уәде етті.
Бұған дейін инфекция Жапонияның Кагава, Миядзаки, Нара, Фукуока, Хёго, Оита, Хиросима, Вакаяма және Окаяма префектураларында тіркелген болатын. Осыған байланысты бұл аймақтарда жалпы алғанда 2,5 млн астам тауық сойылды.