Жапонияда өткен тәулікте коронавирустан қайтыс болған адам анықталмады, деп хабарлады 8 қарашада осы елдің ДСМ баспасөз қызметі.
"Бұған дейін 2020 жылдың 2 тамызында да осылай болған еді" дейді Жапонияның NHK корпорациясының ақпарат көзі.
Елдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарына қарағанда, 6 тамыздан бері коронавирустан үш адам ғана қайтыс болған.
Жапонияның 126 миллион халқының 70 пайызы вакцина салдырған. Індет басталғалы барлығы 18 мың адам коронавирустан қайтыс болған.
Kyodo News ақпарат агенттігі Жапония коронавирус індетінен зардап шеккен экономикасына қуат беріп, халыққа қолдау көрсету үшін 265 миллиард доллар қаржы бөлуді ойластырып отырғанын хабарлады.
