Жапония билігі коронавирустың таралуына қарсы күрес жүргізу шаралары аясында Қытай азаматтарына берген 2,8 млн-ға жуық визаның күшін жояды. Бұл туралы жұма күні Kyodo агенттігі хабарлады.
Мәселе құрлықтық Қытай, Гонконг және Макао тұрғындарына қатысты болып отыр. Бұдан басқа Жапонияға кіру визаларынан Оңтүстік Кореяның 17 мыңға жуық тұрғыны айырылады. Шаралар 9 наурыздан бастап күшіне енеді.
Қазіргі кезде Жапонияда коронавирусқа шалдыққан адамдардың саны 1 мыңнан асқан, соның ішінде 12 адам көз жұмды. Індетті жұқтырғандардың арасында көбі (696 адам) - Diamond Princess круиздік лайнерінің жолаушылары мен экипаж мүшелері.