Парижде (Франция) дзюдодан рейтингілік Grand Slam жарысында 73 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Жансай Смағұлов күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ол финалда жапондық татами шебері Соичи Хашимотомен белдесіп, өкінішке қарай ұтылып қалды. Осылайша, отандасымыз Grand Slam жарысының күміс медалін қанжығасына байлап, Қазақстан қоржынына екінші жүлдені салды.
Жансай Смағұлов іріктеу кезеңінде Виктор Стерпуді (Молдова), Ахн Жонсунгты (Оңтүстік Корея), Артур Маргелидонды (Канада), Алеко Мамиашвилиді (Грузия) және Самон Махмедбековті (Тәжікстан) жеңсе, жартылай финалда моңғолиялық Ценд-Ошир Цогбаатарды айқын басымдықпен ұтты. Өкінішке қарай финалда қарсыласына жол берді.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 60 келі салмақта Елдос Сметов «Grand Slam» жарысының қола жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.