28 жел, 2021 сағат 10:44

Жандос Бүркітбаев: Жаппай ревакцинация жүргізуді тездету қажет


Елімізде 9,2 млн адам ревакцинациядан өтуі керек. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша COVID-19-ға қарсы вакцина салу іс-шарасы тиімділігін көрсетті. Сонымен қатар бірқатар шетелдік зерттеулердің нәтижесіне сәйкес екпе алған адамдарда инфекциядан қорғау 6 айдан кейін орта есеппен 1,8 есе төмендейді», - деді ол. 

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта КВИ бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау өте маңызды. Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдар халыққа вакцинация жүргізуді күшейту керек. Жаппай ревакцинация жүргізуді тездету қажет. 

«Ревакцинацияға 9,2 млн адам жатады. Оның ішінде 400 мыңнан астам адам ревакцинациядан өткен. Ревакцинация жасау үшін вакцинаның жеткілікті көлемі бар. Осы жылғы желтоқсаннан бастап 2022 жылғы бірінші тоқсан арасында вакцинаның 5 млн доза жеткізілуі жоспарланды», - деді Жандос Бүркітбаев.