26 мам, 2021 сағат 12:52

Жанармай құю бекетінің шатырына шыққан ер адам тұрғындарды шошытты


Алматыда жартылай жалаңаш ер адам жанармай құю бекетінің шатырына шығып, адамдарға қоқыс лақтырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әлеуметтік желіде ер адам жанармай құю станциясының шатырына шығып, сол жерден өтіп бара жатқан адамдарға компания логотипі әріптерінің бөлшектерін лақтырған видео пайда болды.

Алматы қалалық Полиция департаменті мәлім еткендей, ер адам қамауға алынды.

«Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 3-бөлімі бойынша тіркелді. Қылмыстық істі Әуезов аудандық полиция басқармасы жүргізеді. Күдікті қамауға алынды. Ол алкогольдік мас күйінде болған, бұл медициналық тексеріспен анықталған. Жанжалдың себептері және мұндай мінез-құлық тергеу барысында белгілі болады»,- деп хабарлады полициядан.