Фото: pixabay.com
"ҚазМұнайГаз" Жаңаөзендегі төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер береді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "ҚазМұнайГаз" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Жаңаөзендегі төтенше жағдай салдарынан қаза болған тұрғындардың отбасына, туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады және зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуін тілейді.
Тұрғын үйсіз қалған отбасыларға жаңа пәтер беріледі, зардап шеккендерге орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, барлық қажетті көмек көрсетіледі", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, оқиға 17 сәуірде таңғы сағат 5 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласындағы 2-шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде болған.
Алдын ала болжам бойынша газ қоспасы жарылған. Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған.