21 нау, 2023 сағат 13:53

Жаңаөзенде 14 жастағы қыз әкесінен жүкті болып қалған

© Sputnik / Табылды Кадырбеков

Жаңаөзенде кәмелетке толмаған 14 жастағы қыз әкесінен жүкті болып қалды. Бала мен анасы перинаталдық орталыққа түсік жасату туралы өтініш білдірген соң күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға туралы 14 жасар қыз 24 ақпанда анасымен бірге әлеуметтік көрсеткіштер бойынша бірінші жүктілікті тоқтату мақсатында Ақтаудағы облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне жүгінгеннен кейін белгілі болған. Қыздың жүктілік мерзімі - 13-14 апта.

Дәрігерлер бұл туралы қалалық полицияның жедел басқармасының орталығына хабарлаған.

Ал полицейлер күдіктінің кім екенін анықтап, қамауға алған.

"Күдікті жәбірленушінің әкесі екені анықталды. Бұл дерек Жаңаөзен қалалық ІІБ соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы (зорлау) бойынша тіркелген", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.