13 жел, 2021 сағат 22:09

Жаңа жылдан кейін еліміздегі эпидахуал қандай болмақ?


ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Жаңа жылдан кейін еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлық болжам біздің жүріс-тұрысымызға байланысты. Елімізде орын алатын ахуалды өзіміз қалыптастырамыз. Ең алдымен вакцинация алуымыз керек. Оны естен шығармауымыз әрі ұжымдық иммунитет қалыптастыруға қарай ілгерілеу беруді жалғастырумыз қажет. Бүгінде ол ауырып тұрғандарды есепке алғанда шамамен 50 пайызды құрайды», - деді комитет төрағасы «BaigeNews» Youtube арнасында өткен сұхбат барысында. 

Сонымен қатар ол бұған дейін вакцинация алғандар ревакцинация алуы қажеттігін де баса айтты. 

«Қазіргі уақытта иммундық қорғанысымыз төмендеген жағдайда қосымша доза алуымыз қажет. Бұған қоса, әлеуметтік арақашықтықты, маска тағуды естен шығармаған жөн. Сонымен қатар адамдар көп жиналатын жерге мүмкіндігінге қармағанымыз дұрыс», - деді Айжан Есмағамбетова.