Фото коллаж: Ult.kz
Жаңа Зеландияда жергілікті маори халқының хака биіне байланысты парламент жұмысы қайтадан тоқтатылды. Майори тайпасының дәстүрлі биі қайдан шыққан, оны не үшін билейді? Бұл туралы Ult.kz баяндайды.
Бұл жолы ырым партияның су жаңа мүшесі Ориини Қайпараның құрметіне жасалды. Ол дәстүрлі маори бет татуировкасы салынған алғашқы жаңалықтар жүргізушісі журналист болған.
Парламенттегі би кезінде маори партиясының мүшелері аяқтарын қағып, көздерін ақшитып, жамбастары мен кеуделерін ұрып, белгілі бір сөздер мен дыбыстарды айқайлап айтты.
Парламент спикері биді ұйымдастыруға жауаптылар жазаланатынын, өйткені оны парламент отырысында орындауға рұқсат етілмейтінін мәлімдеді.
Айта кетейік Жаңа Зеландияда парламенті отырысында депутаттардың хака биін билеп бөлуі бірнеше рет болған. Әсіресе оппозициялық партияның депутаты Te Pāti Māori Хана-Равити Майпи-Кларк өзінің хака биін билеп қарсылық білдіруімен танымал.
Скриншот: ВВС видеосынан
Wikipedia деректері бойынша Хака (маори хака) — Жаңа Зеландия маорилерінің ғұрыптық биі, орындаушылар аяқтарын қағып, жамбастары мен кеуделерін соғып, сүйемелдеу арқылы айқайлайды. Бұл маори музыкалық өнерінің ең танымал түрлерінің бірі және жаңа зеландиялықтардың көпшілігі регби командасының арқасында хаканы біледі. Себебі әлетте осы ойын кезінде осы ғұрып орындалады.
Фото: Rugby World Cup
Маори тіліндегі «хака» сөзі «жалпы би» және сонымен бірге «биді сүйемелдейтін ән» дегенді білдіреді. Хаканы тек «би» немесе «ән» деп жіктеуге болмайды: Алан Армстронгтың пікірінше, хака — қолдар, аяқтар, дене, тіл, көздер — өз рөлін ойнайтын композиция, әрқайсы бір-бір әр аспап.
Хакаға тән қасиет - барлық қатысушылар оны бір уақытта орындайды және мимикамен сүйемелденеді. Мимика (көз бен тіл қозғалысы) өте маңызды және олар бидің сәтті шығуын қамтамасыз етеді. Хака жасайтын әйелдер міндетті түрде тілдерін шығармайды. Әскери емес хакас саусақтардың немесе қолдардың толқын тәрізді қимылдарын қамтуы мүмкін. Би жетекшісі (ер немесе әйел) бір немесе екі жолды айқайлайды, содан кейін басқалары хормен жауап береді.
Хаканың шығу тегі туралы бірнеше түрлі аңыздар бар. Солардың бірінде биді алдымен тайпа көсеміне тиесілі китті өлтірген бәз бір Каэні іздеген әйелдер орындаған. Әйелдер оның қандай екенін білмеген, бірақ тістері қисық екенін білді. Каэ басқа адамдардың арасында және оны көпшілік арасынан анықтау үшін әйелдер күлкілі қимылдармен күлкілі би көрсеткен. Хаканы көрген Каэ күліп, кім екені анықталады мыс.
1769 жылы Джеймс Кукты (британиялық саяхатшы-зерттеуші) маори тайпасы дәл осы бимен қарсы алған деседі.
Хаканы жауынгерлік рух шақыру үшін де билеген. 21 ғасырда хака Жаңа Зеландияның қорғаныс күштерінде жиі орындалды.
1972 жылдан бастап жылына екі рет Хака фестивалі мен байқауы Маори Те Мататини өткізіледі.
19 ғасырдың аяғынан бастап регби командалары бұл биді жарыстар алдында орындады;
2000 жылдары бұл дәстүр бүкіл «All Blacks» хаканы «құнсыздандырды» деген айыптаулар мен көптеген даулар туды.
