11 шіл, 2017 сағат 08:58

Жаңа вирус Қазақстан банкоматтарынан ақша ұрлай бастады

Жаңа вирус Қазақстан мен өзге тағы төрт елде POS-терминалдарға шабуылдап, банкомат карталарынан ақша ұрлай бастады. Бұл туралы «Касперский зертханасы» дүйсенбі күні мәлім етті, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Касперский зертханасы» POS-терминалдарға шабуылдап, банкомат карталарынан ақша ұрлай бастаған Neutrino трояндік бағдарламасын анықтады», - делінген таратылған хабарламада.

Вирус терминалдарға тарап, ақша беру кезінде банкомат карталарының мәліметтерін оқиды. Бұл ретте, зиянды бағдарлама ақшаны жымқыруға бірден көшпейді. Ол алдымен, күдікті кодтарды тексере бастайтын банктің қауіпсіздік жүйесін айналып өтуге тырысады. Содан кейін ғана барып, ақша картадан ұрланады, деп жазады «РИА Жаңалықтар» агенттігі.

«Neutrino бағдарламасы арқылы шабуылдардың төрттен бір бөлігі Ресейде жасалған. Кибершабуылдар сондай-ақ Алжир, Қазақстан, Украина және Мысыр елдерінде тіркелді. Вируспен зақымдау әрекеттерінің 10 пайызға жуығы шағын бизнес кәсіпорындарына тиесілі», - делінген», - хабарламада.