03 нау, 2022 сағат 12:11

Жаңа тағайындалған Бас прокурор Берік Асылов БАҚ өкілдеріне ашық болуға уәде берді


Қазақстанның жаңа тағайындалған Бас прокуроры Берік Асылов қызметіне қатысты пікір білдіріп, БАҚ өкілдеріне ашық болуға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Кеше Президент әкімшілігінен хабарласты. Бүгін Парламентте мақұлдау рәсімі өтіп жатыр. Сенаторлар дауыс берді, барлығына сенім білдіргені үшін алғыс айтқым келеді. Әрқашан ашық боламын. Сіздермен бірге кез келген мәселені көтереміз (БАҚ. - ескерт.) және ашық жұмыс істейміз", - деп уәде берді Асылов.