Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда «Жаңа ғасыр» театрына қазақ театр және кино өнерінің көрнекті қайраткері, КСРО және Қазақстанның халық артисі Асанәлі Әшімовтің есімі берілді. Енді ол Асанәлі Әшімов театры деп аталады, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұл шешім құрмет қана емес, сонымен қатар оның шығармашылық мұрасын сақтау мен кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды қадам.
Асанәлі Әшімовтің өнер жолы, театр мен кино саласына қосқан сүбелі үлесі, сондай-ақ ұстаздық қызметі — мұның бәрі ұлттық мәдениеттің алтын қорына енген.
Театр дәстүр мен жаңашылдықты үйлестіре отырып, көрерменге сапалы әрі мазмұнды қойылымдар ұсынатын жаңа белеске қадам баспақ.
