Фото: ашық дереккөз
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, Қазақстанда мәдениет мекемелерінің саны 7 мыңнан асады, деп хабарлайды Ult.kz.
Ресми деректерге сәйкес, елде:
- 3 912 – қоғамдық кітапхана
- 3 054 – мәдени-демалыс ұйымы
- 286 – мұражай
- 254 – демалыс саябағы
- 85 – театр
- 67 – концерт ұйымы
- 8 – хайуанаттар бағы
- 5 – цирк бар
2025 жылы мәдени нысандарға келушілер санының ең жоғары өсімі концерт ұйымдарында тіркелген – 10%. Сонымен қатар ойын-сауық және демалыс саябақтарына келушілер 7,1%-ға, мәдени-демалыс ұйымдарына 3,9%-ға артқан. Театрларға келушілер саны 2,5%-ға, ал музейлерге барғандар 1,8%-ға көбейген.
Сондай-ақ мәдени іс-шаралар саны да өсім көрсеткен. Атап айтқанда, концерт ұйымдарында өткен шаралар саны бір жылда 21,6%-ға артқан. Театрларда бұл көрсеткіш 6%-ға, кітапханаларда 4,9%-ға, ал мәдени-демалыс ұйымдарында 3,6%-ға өскен.
Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіштер елдегі мәдени өмірге қызығушылықтың артқанын көрсетеді.
