#
#
Жексенбі 11/04/2021

Жаңа Алматы тұрғындарының мәселелерімен арнайы комиссия айналысады

  • 06.03.2021
  • 0
  • 695

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданының Алғабас ықшамауданының тұрғындарын тыңдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қала әкімі Б. Сағынтаев Instagram аккаунтында Алатау ауданының проблемалы аймақтарымен танысып, жұмыс комиссиясын құруға шешім қабылдағанын айтты. 

«Ең әуелі Алғабас ықшамауданындағы №185 мектептің жанындағы Алдияр көшесінің су басу мәселесін шешу қажет. ТЖД көмегімен шұғыл шаралар қабылданады», - деп жазды Б. Сағынтаев. Инженерлік желілер жүргізілгенге дейін жолдар инертті материалдармен жабылады. 

Алғабасқа 13,5 км су құбыры мен 17 км кәріз желісі жүргізілуде. Қосымша 1011 үйді қамтитын желіні жүргізу жоспарлануда. Осылайша бүкіл ықшамаудан сумен жабдықтау және су бұру жүйесімен қамтамасыз етілмек. 

Сондай-ақ, Алматы әкімі Әйгерім-1 ықшамауданындағы Набережная көшесіне арық жүйесін салу мәселесін шешуді тапсырды. Бұл аталған учаскені су басу қаупін жояды. 

Қала әкімі тұрғындар айтқан барлық мәселе, яғни иесіз желілер, көшеге жарық орнату, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сынды жұмыстарды жеке бақылауына алды. Атқарылған жұмыс туралы хабарлап отыратын жұмыс комиссиясы құрылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын тексеру үшін ықшамаудандардың белсенді өкілдерінен құрылған қоғамдық бақылау бастамасы қолдау тапты. Бақытжан Сағынтаев аудан әкімдеріне олармен тұрақты байланыста болуды тапсырды. 

Әкім Шаңырақ-2 және «14 аумақ» ықшамаудандарындағы сорғыш стансаның, сондай-ақ AЗТМ Алғабас ықшамауданындағы салынған желілердің жағдайымен танысты. Желілердің құрылысы аяқталған соң тұрғындарды оларға қосу бойынша шаралар қабылданады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар