29 там, 2021 сағат 22:03

Жамбылдағы жарылыс кезінде қаза тапқандар саны 14-ке жетті


Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза тапқандар саны 14-ке жетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза тапқандар саны он төрт адамға жетті. Қорғаныс министрлігінің саперлері тағы бір адамның денесін тапты. Оның жеке басы анықталады. Қаза болғандардың арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жоғалған тағы екі адамды іздеу жалғасып жатқаны айтылады.

Еске салайық, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. Ал бүгін Президент қаза тапқандарды марапаттаған.