Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккендер саны 60-қа жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір әкімдігінің өкілдеріне сілтеме жасап. Бұған дейін 32 адам зардап шеккені хабарланған.
Қалалық ауруханаға жеткізілген зардап шеккендердің саны 60 адамға дейін көбейді, олардың ішінде 11 әскери қызметші.
"Тараз қаласының №1 қалалық ауруханасына түрлі жарақаттармен 60 адам түсті, оның ішінде 11 әскери адам (сауалнама мәліметтері нақтылануда)", - делінген әкімдік хабарында.
Ал эвакуацияланған елді мекендерді полиция күзетіп, қарақшылыққа жол бермеудің амалын жасап жатыр.
