30 там, 2021 сағат 22:51

Жамбыл облысындағы жарылыс орнынан табылған адам кім екені анықталды


Жамбыл облысындағы жарылыс орнынан табылған адам кім екені белгілі болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жамбыл облысындағы жарылыс орнынан табылған мәйіттің кім екендігі анықталды. Ол 3-МӨСБ қарауыл бастығы Заикин Сергей Владимирович болып шықты. Мәйітті марқұмның туыстары таныды. Осылайша Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде қаза тапқандар саны он бес адамға жетті", - делінген хабарламада.

Жоғалған тағы бір адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.