© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысы Гвардейск гарнизонында әскери бөлім офицерінің өзіне қол жұмсағанын хабарлады. Оқиға 22 қарашада болған.
«Биыл 22 қарашада Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімнің офицері А. өзіне қол салды. Қайтыс болған жігіттің өлер алдында жазған хаты табылды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі мен туыстарының өтінішіне қарай өзге ақпарат жарияланбайды», - деді министрліктің баспасөз қызметінен.
Orda.kz сайтының хабарлауынша, Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар ауылындағы гарнизонда істеген әскери қызметкер "жүрегіне оқ атқан". Қаза болған адамның Семейден екені хабарланды. Соңғы хатында әскери қызметкер "ата-анасы мен командирлерінен кешірім сұраған".
