25 қаң, 2022 сағат 16:47

Жақып Марабаев "ҚазМұнайГаз" басшысының орынбасары қызметінен кетті


Еңбек шартының аяқталуына байланысты Жақып Марабаев "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Еңбек шартының аяқталуына байланысты Жақып Марабаев "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары қызметінен кетеді.

ҚМГ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Жақып Нәсібқалиұлына атқарған жемісті жұмысы үшін алғысын білдірді. ОПЕК+ міндеттемелері бойынша шектеулерге және коронавирустық індеттің әсеріне қарамастан, ҚМГ компаниялар тобының тау-кен өндіруші кәсіпорындарында мұнай кәсіпшілігі қызметтерінің көлемі сақталды және өндірістің ағымдағы деңгейі сақталды", - делінген хабарламада.

Жақып Марабаев әр жылдары "ҚазақстанКаспийШельф" АҚ бас директоры, "ҚазақОйл" ҰК ЖАҚ вице-президенті, "ҚазТрансОйл" АҚ вице-президенті, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ бас директоры, North Caspian Operating Company басқарушы директорының орынбасары қызметтерін атқарған.