Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың үндеуі Желіде тарап кетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Думан Қожахметовтың түсіндіруі бойынша, 20 желтоқсанда Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов сотың әрбір қызметкеріне үндеу жолдаған болатын.
"Мәтін төмендегі суретте. Мақсат - жүйе бойынша ұсыныстар жинау. Ондаған адам көрсетілген email (assanov@mail.kz) жалған емес па? деп сұрады. Жоқ, жалған емес. Бәрі рас. Үндеу қызметкерлерге жолданған болатын, алайда, қазір what's app пен Фейсбукте таралып жүр. Біз мұндай мақсат қойған жоқпыз, күтпеген де едік. Ұсыныстар түсіп жатыр. Бұл жақсы. Енді өзге де кәсіби заңгерлік қоғамдастықтарға үндеу жолдаймыз", - деп жазыпты Думан Қожахметов Facebook желісіндегі парақшасында.
Жақып Асанов қызметкерлерге ресми түрде қағаз бетінде немесе Жоғарғы сот e-mail арқылы анонимді жолдау ұсынған.