15 там, 2018 сағат 15:08

Жақып Асанов Қазақстанда ең бірінші болып әріптесіне хат жазу тәжірибесін енгізді

ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов Қазақстанда ең бірінші болып мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына - әріптестеріне хат жазу тәжірибесін енгізді. Бұл жайында ҚР Жоғарғы сотының Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Болат Калянбеков Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақып Қажыманұлы Жоғарғы сотқа келген сәтінен бастап коммуникация мәселесіне басым назар аударды. Бұл ретте негізгі құралдардың бірі оның әріптестеріне хат жазуы болды. 8 айлық жұмысының ішінде ол 5 хат жазды. Олардың әрқайсысының нақты тақырыбы мен міндеті бар», - деді Б.Калянбеков. 

Оның айтуынша, «Аз жасалған жоқ, бірге жалғастырамыз!» деп аталатын бірінші хат 2017 жылдың 20 желтоқсанында жазылған.  2017 жылдың 28 желтоқсанындағы екінші хаты «Қазақстанның адвокаттары мен прокурорларына» деп аталған. Бұл хаттарда Ж.Асанов соттардың жұмысын жақсарту үшін ашық сұхбат бастауды ұсынады. Жауап ретінде Жоғарғ

«Не істейміз, не істейтін боламыз және неліктен?» деп аталатын үшінші хат 2018 жылдың наурызында жазылған. Онда Ж.Асанов сот жүйесін жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында баяндайды. Бас прокурор 2018 жылдың 26 сәуірінде жазған бесінші хатында сот жүйесін жаңғырту жайындағы әңгімесін одан ары жалғастырған. Сот актілерінің сапасына ерекше назар аударып, үздік сот актілері байқауының басталғанын және оның мақсатын жан-жақты ашып көрсеткен.

Ал «Сізбен біздің жауапкершілігіміз жайында. Кәсіби әрі жеке» деп аталатын бесінші хат 2018 жылдың 13 тамызында жазылған. Онда Жоғарғы сот төрағасы судьяларды сот әділдігін шығару барысында заң мен ар-ожданды басшылыққа алуға шақырған.

Б.Калянбековтің айтуына қарағанда, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына хат жазу тәжірибесі Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр. Ж.Асановтың барлық хаттары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған.