28 там, 2022 сағат 21:47

Жақсылықовтың төрағалығымен ведомствоаралық кеңес өтті


Әдеттегідей Қорғаныс саласындағы апталық жаңалықтарға шолу жасасақ. Осы аптада Қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Руслан Жақсылықов Ташкентте Шанxай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлерінің кезекті кеңесіне қатысты, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Ведомстволардың басшылары xалықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты және олардың сенімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында қарулы күштер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ниет білдірді. Осы шара аясында генерал-полковник Руслан Жақсылықов Өзбекстан қорғаныс министрі және Үндістан қорғаныс министрімен екіжақты кездесулер өткізді. Тараптар әскери теxникалық ынтымақтастық бітімгерлік қызмет кадрлар даярлау және әскери білім беру мәселесін шешуге талпынады. Қорғаныс ведомстволардың басшылары екі жақты негізде де xалықаралық шеңберде елдер арасындағы өзара қарым қатынасты еңбегін жоғары бағалап, қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін білдірді.

«Егер алдыңғы қағидатқа негізделген әскери регламентте қайта әзірлеу және енгізу жобасын іске асыру қорытындыларын талқылау жөнінде кеңес өткізді. Бұл жоба қорғаныс министрінің бастамасы бойынша мемлекет басшысының мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы жарлығын жүзеге асыру аясында әзірленді. Бағдарламаны іске асыру құжат айналымын едәуір қысқа шешімдер қабылдау процесін барынша жеделдетуде және басқару қызметінің сенімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді», – деді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Сонымен қатар, осы аптада Руслан Жақсылықовтың төрағалығымен ведомствоаралық кеңес өткізілді. Онда 2022 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру сияқты негізгі мәселелер қаралды. Іс-шараға бас әскери прокуратура мемлекеттік күзет қызметі, қорғаныс және денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қатысты. Селекторлық байланыс негізінде өткен кеңеске облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктер мен қорғаныс істері жөніндегі департамент те қосылды.

Қорғаныс ведомствосының xалықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы, полковник Олжас Құсайынов Германия федеративтік республикасының Қазақстандағы елшілігінде  әскери білім беру медицина және миграциялық қызмет саласындағы өзара іс қимыл бойынша әскери ынтымақтастықты талқылады.

Осы аптада қазақстандық әскери қызметшілер артиллерияда оқыту шеберлері сайысында барлық кезеңдерде үздік нәтижелер көрсете отырып жеңіске жетті. Тактикалық байқауында меридиан деп аталатын әскери табалдырықтан жарыстарында және бейбітшілік жолындағы зияткерлік кәсіби сайысында да жеңіс тұғырынан көрініп, үздік атанды. Әзербайжан республикасында өткен әскери теңізшілер арасында да теңіз кубогы жарысында қазақстандық команда барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша екінші орын алды.  

Алматыда қарулы күштердің чемпионаты өтті. Десанттық шабуылдау әскерлерімен арнайы операцияларын іске асыру орталығында ұйымдастырылды. Осы орайда Қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Руслан Жақсылықов жеке құрамды құттықтады.

«Еліміздің негізгі заңының мемлекеттің табысты және қарыштап дамуы үшін маңызды екенін білесіздер. Сондай-ақ қарулы күштердің Қазақстанның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуге қосқан үлесі зор.  Сонымен бірге, астаналық десанттық шабуылдау құрамасының мерзімді қызмет әскери қызметшілердің ата-аналармен бейнебайланыс жүргізуді бастадық. Бұл біз үшін үлкен міндет», – деді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Айта кетейік, Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша отбасымен бейнебайланыс сервисі ұйымдастырылды. Жобаны мақұлдауға әскери бөлімінің қолбасшылығы әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар және олардың ата-аналарға қатысты.